Display News
Student Anouncements
Dear Students!
“We are glad to inform you, that applications forms (заявления в деканат) are available online.”
| Application Form |
| Attestation |
|
Сүлейман Демирел атындағы университеті Экономика факультетінің 4 курс студенттері, бес жыл сайын өткізілетін мемлекеттік аттестация барысында емтиханға үлкен ұйымшылдықпен 100 % қатысып, емтиханнан бірде біреуі сүрінбей 100 пайыздық көрсеткішпен өтіп, университетіміз бен факультетіміздің абыройын арттыра түсті. Емтиханда сұралған 120 сұрақтың орташа есеппен 108-не дұрыс жауап берген студенттеріміз өздерінің кәсіби біліктілігін танытты.
Осынау жетістіктерге қол жеткізу арқылы студенттеріміз: өз міндеттерін биік деңгейде орындаған; факультетте қалыптасқан игі дәстүрді жалғастыра білген; сенім артқан ұстаздарын шынайы қуанта білді; 4 курс студенттеріне факультеміз атынан алғысымызды айтып, ғұмырлық бақыт пен білім айдынында толайым табыстарға қол жеткізулерін тілейміз! Экономика факультеті атынан факультет деканы Др.Месут Йылмаз |




