About SDU

g gg

 asd

Университет туралы

Сулейман Демирел атындағы университетті білім берудегі ынтымақтастықты нығайту, бауырлас екі елді жақындастыру және келешек жас буынның алдынан жаңа көкжиек ашу мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия мемлекетінің Президенті Сулейман Демирел 1996 жылы 12-желтоқсан күні ашқан.

СДУ – халықаралық үлгідегі бағдарламасы бар оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – қол жетімді бағамен сапалы білім беру қызметімен, бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламаларымен қамтамасыз ету. Оқытушылар мен профессорлар құрамы әр түрлі білім аясында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Университетте қосымша білім беру және әлеуметтік қызметтерге үлкен таңдау бар. Университет бағдарламалары жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен мекемелердің мәселелерін шешуге бағытталған, сондай-ақ елдегі әлеуметтік, саяси, экономикалық ортаға бейімделген.

1996 жылы Алматы қаласында ірге көтерген бұл университет биылғы таңда өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдармен жабдықталған 7000 ға жуық студент білім ала алатын, «Smart Campus» қалашығында бастады. Жаңа кампуста 8 факультет, 16 анфер лекция залдары, 120 аудитория, 1стадион, 2 oқулықтармен жабдықталған кітапхана, оқу залы, 1 электронды кітапхана, 2 интернет-кафе, 3 зерттеу орталығы, 3 асхана, 1 медициналық пункт, 2 жатақханасы бар.

Қазіргі таңда жобаның жартысы орындалып, студенттер 2011-2012 оқу жылын жаңа кампуста бастады.