Инженерлік және жаратылыстану ғылымдар факультеті

Инженерлік факультет - университеттің бағдарлама жасау бойынша озық зертханасы бар, сапалы білім беру орталығы. Университет қабырғасында ақпараттық технологияларды программалық жабдықтауға арналған ғылыми зерттеу орталығы қызмет етеді. Факультетті түлектері қазірдің өзінде Қазақстанға және шетелде танымал.

Факультетте халық шаруашылықтың, бизнестің әр алуан салаларында табысты жұмыс істей алатын математика, ақпараттық технологиялар және механика мамандықтары бойынша біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда; студенттердің, магистранттар мен Ph.D докторанттардың оқуына, шығармашылықтарына арналған мүмкіншіліктерді беру, ойдың және жекелік өздігінен жетілуіне жайлы шарттарды жасауда.

Мемлекеттік органдарды, түрлі мекемелер мен компанияларды сапалы білімді мамандармен қажеттілігінше толық қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ студенттердің сапалы және қажетті білім алуын қанағаттандыру мақсатымен, қазіргі технологиялардың даму динамикасын қадағалайтын икемді бағдарламалар бойынша білім беру қызметтерінің ашық және айқын жүйесін құру; ғылыми, педагогикалық және нақты өндірістік қарым-қатынасты нығайту мақсатымен мемлекеттік ұйымдармен, мекемелермен ынтымақтастықты дамыту – факультеттің басты мақсаты.

.

5B010900 Математикалық педагогика (ағылшын тілінде)

5B060100 Ғылыми Математика (қазақ тілінде)

5B060100 Ғылыми Математика (ағылшын тілінде)

5B070300 Ақпараттық жүйелер (қазақ тілінде)

5B070300 Ақпараттық жүйелер (ағылшын тілінде)

5B070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (қазақ тілінде)

5B070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (ағылшын тілінде)