|
Филология факультеті көпсалалы жұмыста өте пайдалы, қазіргі күнде маңызды болып есептелетін ағылшын тілін сапалы оқытуымен ерекшеленеді. Университеттегі бұл факультет түлектеріне қазіргі таңда жұмысқа орналасу ешбір қиындық тудырмайды. Филология факультеті ұжымының басты мақсаты - терең білімі бар, кәсіптік деңгейі жоғары бүгінгі күннің біліктілік талабына сай маман дайындау.
Факультеттегі білікті ұстаздардың арқасында студенттер қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерімен қатар, француз, қытай тілдерін де кәсіби түрде меңгеріп шығады.
Студенттер, сонымен қатар , ұстаздықпен, баспагерлікпен, аудармашы болып, журналист әрі ғалым, сан салалы филолог, әдебиет сыншысы, редактор болып қызмет ете алады.
Факультет түлектері алыс–жақын шетелдерде тәжірибеден өтіп, Түркия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің беделді университеттерінде ғылыми зерттеулермен айналысуда.
.
5B011700 Қазақ тілі және әдебиеті
5B011900 Шетел тілі (екі шет тілі)
5В020500 Қазақ филологиясы
5B020700 Аударма ісі
5В021000 Шетел филологиясы
5B050400 Журналистика (қазақ тілінде)
|