|
1. СДУ- не қалай оқуға түсуге болады?
СДУ-не оқуға түсу Қазақстанның басқа университеттеріне оқуға түсуден еш айырмашылығы жоқ. ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер СДУ-не түсе алады.
2. СДУ- нің факультеттеріне түсу үшін қандай пәндерді таңдау керек?
Экономикалық факультетке оқуға түсу үшін география пәнін таңдау керек, филология факультетінің Шет тілі мамандығына түсу үшін: Екі шет тілі, Аударма ісі, Халықаралық қатынастар үшін ағылшын тілін таңдау керек, инженер факультетіне түсу үшін физиканы таңдау керек, Қазақ тілі мен әдебиеті және Журналистика мамандықтарына түсу үшін қазақ тілін таңдау керек. Журналистика мамандығына түсетін студенттер жазбаша шығарма және ауызша сұхбаттасудын өтеді.
3. СДУ- не мемлекеттік грант бойынша оқуға түсуге бола ма?
Мемлекеттік грант бойынша СДУ-нің барлық мамандықтарына оқуға түсуге болады.
4. СДУ-нің ішкі грантына қалай түсуге болады?
Республикалық олимпиадада алдыңғы үш жүлделі орынға ие болған талапкерлер олимпиадада қатысқан мамандықтары бойынша ғана грантқа ие бола алады.
5. Студенттерге қандай жеңілдіктер ұсынылады?
1. «Алтын белгі» иегерлері – 50% жеңілдік беріледі.
2. ҰБТ- де 90 ұпайдан көп жинаған талапкер 10%дық жеңілдікке ие болады.
3. «Достық» білім беру орталығында курсқа қатысқан талапкерлер ҰБТ сынағынан 80 және одан жоғары ұпай жинаған жағдайда/бесінші пәнді қоспағанда/ - 10%дық жеңілдікке ие болады.
4. ҚТЛ, Жәутіков, Дарын және Назарбаев интеллектуалдық мектептерін бітірген талапкерлерге - 10%дық жеңілдік беріледі.
5. Бір отбасынан шыққан қарындас-бауырларға - 10%дық жеңілдік беріледі.
6. Қарасай ауданының түлектеріне - 10%дық жеңілдік беріледі.
Назар аударыңыз! Студент тек қана бір жеңілдікке ғана ие бола алады!
Студенттердің үлгерімі бойынша (GPA) бір академиялық жыл үшін университет ұсынатын оқу құнына жеңілдіктер (әр мамандық бойынша, әр жылға):
• Бірінші орын – 50%
• Екінші орын – 30%
• Үшінші орын – 20%
Осы көрсетілген жеңілдіктер бір жылға арналған. Студенттердің сабақ үлгерімі бір жылдан кейін қайта тексеріліп, алдыңғы қатарлы 3 студент жеңілдікке ие болады.
7. Университетке құжат қабылдау қашан басталады?
• Грантқа ие болу конкурсына қатысуға құжат қабылдау шілденің 1-і мен 30-ы аралығында
• Ақылы білім алуға құжат қабылдау тамыздың 10-ы мен 25-і аралығында
• Магистратура мен докторантураға құжат қабылдау шілденің 1-і мен 30-ы аралығында
8. СДУ-де екінші жоғары білім алу бар ма?
Иә, бар.
9. СДУ-да дайындық курстары бар ма?
Иә, бар. СДУ-да бір жылдық дайындық курстары бар және курсты толығымен өткен студенттер ағылшын тілін Intermediate деңгейінде бір жылдан кейін біліп шығады. Жаз айларында ағылшын тілінен 3 айлық жылдамдатылған курстар бар (маусым айынан бастап).
10. СДУ-дегі оқытушылар құрамы қандай?
СДУ-дегі оқытушылар құрамы әр алуан. Олардың көбісі Қазақстан мен Түркия оқытушылары. Сонымен қатар, Әзірбайжан, АҚШ, Үндістан мен Европа елдерінен де оқытушылар бар.
11. СДУ түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі қандай? Олар қандай мекемелерге жұмысқа орналасады?
СДУ түлектерінің барлығы дерлік жұмысқа орналасады. Олар: Казкоммерцбанк, Turkuaz Group of Companies,Халық Банк, Kcell,Air Astana, Alma TV,BTA, Turkuaz,Coca-Cola,Deloitte&Touche, Agip KCO, Bank Pozitif, Ericsson, Ernst and Young, HENKEL, Казахтелеком, Kazpack, KKB, ABN AMRO-Credit Card Department, P&G, Philip Morris, Price Water House, Schlmberger, SEHA,Tengizchevroil, Texaco, Ankara Hotel, Ahsel Holding, Қазақ-түрік лицейлері,Ramstor, Parsons FluorDaniel, Parker Drilling, Eurasian Bank, Cisco Kazakhstan Specialist, Center Credit Bank сияқты компанияларға жұмысқа орналасады.
12. Басқа мамандыққа қалай ауысуға болады?
Студент басқа мамандыққа бірінші семестрден кейін ғана ауыса алады. Үлгерімі бойынша (GPA) F-grade болмау керек.
13. Басқа университеттен СДУ-ке қалай ауысуға болады?
Басқа жоғарғы оқу орнынан СДУ-ке ауысу үшін өткен пәндер және бағалары көрсетілген транскриптті тапсыру қажет. Транскрипт бойынша пәндердің айырмашылығы анықталады. Тек содан соң ғана ауысуға болады ма, жоқ па деген сұраққа жауап беруге болады. Білім беру жөніндегі заңға сай, пәндердің айырмашылығы 5 пәннен артық болмауы керек. Ауысу кезеңі – семестр соңы. Яғни, бірінші семестрдің аяғы және жазғы уақыт. Оқу барысы кезінде ауысуға болмайды.
14. СДУ-не мемлекеттік грантпен ауысуға болады ма?
Грантқа түскен өз мамандығыңыз бойынша СДУ-дың барлық мамандықтарына грантпен ауысуға болады. Егер басқа мамандыққа ауыссаңыз, гранттан айырыласыз.
15. СДУ жеке ЖОО ма?
СДУ жеке ЖОО болып табылады.
16. СДУ-де ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауысуға бола ма?
Болады. Басқа мамандыққа ауысқан жағдайда және басқа мемлекетке оқуға түскен жағдайда мемлекеттік грантпен білім алып жатқан студенттер грантынан айырылады. Осы босаған гранттардың орнына сабақ үлгерімі жоғары студенттер ұсынылады. Университет студенттердің бағалары мен өтініштерін ҚР БҒМ-не жібереді. Шешімді ҚР БҒМ қабылдайды.
17. СДУ-де дінтану оқытыла ма?
СДУ Қазақстанның барлық университеттері сияқты ҚР Білім және Ғылым Министрлігіне бағынады және оқу бағдарламасын ҚР БҒМ бекіткен оқу жоспарына сай жүргізеді. СДУ-да арнайы діни бағдарламалар жоқ және Дінтану факультеті жоқ.
18. СДУ түлектеріне қандай диплом беріледі?
СДУ түлектеріне ҚР БҒМ бекіткен диплом беріледі. Дипломға қосымша ағылшын тілінен жоғары білім алғандығы туралы сертификат беріледі.
19. СДУ студенттері тәжірибені қайда өтеді?
Студенттер тәжірибені Қазақстандық мекемелерде өтеді. Үлгерімі жақсы студенттер жаздық тәжірибені Түркияда өтеді. Шығындарды университет төлейді.
20. Оқу төлемі жыл сайын өсіп отырады ма әлде түскен мезеттен бастап өзгермейді ма?
Оқу ақысы жыл сайын 10%-ға өсіп отырады. Бұл пункт университет пен студент арасында орнатылған келісім-шартта да көрсетіледі.
|