Грант және жеңілдіктер:

ГРАНТТАР:

1. Мемлекеттік білім гранты.

2. Республикалық олимпиададан және Халықаралық олимпиадалардан (IPhO, IMO, IOI) жүлделі орын алғандарға СДУ гранты тағайындалады.

3. Облыстық олимпиадаларда 11-сынып оқушылары математика, физика, информатика, қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы пәндерінен бірінші орын алған жүлдегерлерге СДУ гранты тағайындалады.

ЖЕҢІЛДІКТЕР:

1. «Алтын белгі» иегерлері – 50% жеңілдік беріледі.

2. ҰБТ- де 90 ұпайдан көп жинаған талапкер 10%дық жеңілдікке ие болады.

3. «Достық» білім беру орталығында курсқа қатысқан талапкерлер ҰБТ сынағынан 80 және одан жоғары ұпай жинаған жағдайда/бесінші пәнді қоспағанда/ - 10%дық жеңілдікке ие болады.

4. ҚТЛ, Жәутіков, Дарын және Назарбаев интеллектуалдық мектептерін бітірген талапкерлерге - 10%дық жеңілдік беріледі.

5. Бір отбасынан шыққан қарындас-бауырларға - 10%дық жеңілдік беріледі.

6. Қарасай ауданының түлектеріне - 10%дық жеңілдік беріледі.

Назар аударыңыз! Студент тек қана бір жеңілдікке ғана ие бола алады!

Студенттердің үлгеріміне (GPA) қарап университет тарапынан берілетін жеңілдіктер

(әрбір мамандық бойынша әрбір курсқа):

1. Бірінші орын -50%

2. Екінші орын – 30%

3. Үшінші орын – 10%