|
   
СДУ-не шетел студенттері Қазақстан Республикасының Заңнамасына сай және Халықаралық Келісім-шарттар негізінде қабылданады.
Шетел студенттері Сулейман Демирел атындағы университетке оқуға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуі тиіс. Кешенді тестілеуге 20-маусымнан 9-шілдеге дейін төмендегідей құжаттар тапсырылады.
• Белгіленген үлгідегі арыз;
• Қазақ тіліне аударылған және нотариалды расталған аттестат немесе диплом қосымшасымен (түп нұсқасы);
• Қазақ тіліне аударылған және нотариалды расталған төлқұжат;
• Кешенді тестілеуге төленген ақының түбіртегі;
• 3х4 өлшеміндегі 10 фотосурет
• №086-У, №063 медициналық анықтамалар
Кешенді тестілеу 17- шілдеден 23-шілде аралығында өткізіледі.
Талапкер өзімен төмендегі құжаттарды алып келуі қажет:
1. Рұқсатнама
2. Жеке куәлік
|