СДУ – халықаралық үлгідегі бағдарламасы бар жеке оқу орны болып табылады. Университеттің негізгі мақсаты – қол жетімді бағамен сапалы білім беру қызметімен, бакалавриат, магистратура, докторантура және біліктілікті жетілдіру бағдарламаларымен қамтамасыз ету. Оқытушылар мен профессорлар құрамы әр түрлі білім аясында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Университетте қосымша білім беру және әлеуметтік қызметтерге үлкен таңдау бар. Университет бағдарламалары жеке тұлғалардың, қоғамдық топтар мен мекемелердің мәселелерін шешуге бағытталған, сондай-ақ елдегі тез өзгеретін әлеуметтік, саяси, экономикалық ортаға бейімделген. Университет қызметі әлеуметтік-экономикалық статусына қарамастан, өз білім деңгейін жетілдіргісі және арттырғысы келетін студенттерге бағдарламалар ұсыну болып табылады. Студенттің нәсіліне, ұлтына, мәдени әдет-ғұрпына қарамастан, жеке тұлға ретінде интеллектуалды потенциалы мен адамгершілігін құрметтеу ең алғашқы орында.
|