|

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
ТІРКЕУ
КІРУ ӨТІНІШ
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті әріптестер!
2012 жылдың 27-28 сәуірінде Сулейман Демирел атындағы университеттің ұйымдастыруымен IV - «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция жұмысының бағыттары:
1. Тіл - мәдениет - адам: өзара әрекеттестік және ықпалдастық
2. Мәдениеттер тоғысындағы әдебиеттану ғылымының заманауи мәселелері
3. Тілді мәдениаралық қарым-қатынас аясында оқыту: өзіндік ерекшелігі мен келешегі
4. Мәдениеттер тоғысының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың дамуына әсері
5. Жаһандану жағдайындағы масс-медианың өзекті мәселелері
Конференция тілі: қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдері.
Конференция жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен мақала тезисі (300-500 сөз) 2012 жылғы 20 ақпанға дейін, ал мақаланың толық мәтіні (электронды түрде) мен қатысушының тіркеу формасы 2012 жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Сулейман Демирел атындағы университеттің веб-сайтындағы онлайн тіркеу формасын пайдалана отырып, тезистер мен мақалаларды жүктеу мүмкіндігі жасалған. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны мен ондағы грамматикалық қателер үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзіне қалдырады.
Конференция бағдарламасына баяндаманы енгізу жөнінде ұйымдастыру комитетінің шешімі қатысушы тарапқа хабардар етілген соң, арнайы шақыру және ұйымдастыру жарнасын төлеу реквизиттері жіберіледі.
Конференция материалдары «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» деген атпен ғылыми жинақ ретінде жарық көреді.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар:
1. Мақала көлемі 6 беттен аспауы тиіс. Парағы – А4. Шрифт: Microsoft WORD, Times New Roman (Times New Roman KZ), өлшемі – 14, жол аралығы – 1 интервал. Беттің төрт жағынан бөлінісі – сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см, жоғары және төменгі жағы - 2 см.
2. Мақала тақырыбы беттің ортасына бас әріптермен жазылады. 1 интервалдан кейін ортасына - автордың аты-жөні, ғылыми атағы, мекеме атауы, қаласы көрсетіледі. 2 интервалдан кейін мақала мәтіні жазылады.
3. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі, мақала түйіні екі тілде (конференция тілдері бойынша) болуы керек.
Іссапар шығыны жіберуші немесе қатысушы тарапынан өтеледі. Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – 4000 теңге. Шетелдік ғалымдар үшін жарна көлемі – 150 АҚШ доллары.
Конференция туралы толық ақпарат Сулейман Демирел университетінің сайтында берілген.
|