|

Сулейман Демирел атындағы университет 2012 жылдың 13-ші қаңтарында “Topical problems of teaching translation” тақырыпта әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың басты мақсаты болашақ аудармашы-мамандарды жетілдіру және тәжірибе алмасу болып табылады.
Семинарда талқылау барысында пәндерді кезең бойынша оқыту мәселелері қарастырылды.
Семинарда Абылай-хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, МПИ «Парасат», Туризм және Спорт академиясы, Азаматтық авиация академиясы, «Нур-Мубарак» университеті, одан басқа «Алатау» колледжі, «Эдiлет» сияқты оқу мекемелерінен 130 дан астам студенттер, магистранттар және оқытушылар қатысты.
Сулейман Демирел атындағы университеттен ф.ғ.д. профессор З.К. Ахметжанова, PhD Б.Девис, MS Р.Шуслер, аға оқытушы - С.В. Александрова, MA аға оқытушы Я. Доганай, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.М. Рсалиева, аға оқытушы Е.М. Ким сияқты профессор-оқытушыларымыз қатысты. Қатысушылар мен тыңдаушылар пікіріне құлақ түрсек, семинарда талқыланған өзекті мәселелер келешекте осындай семинарларды жиі өткізіп отыруды қажет етеді.

download photos from conference |