|

Қадірлі оқырмандар!
Өміріміздегі жалғыз шындық тоқтаусыз өзгерістер болып саналады. Кейбір нәрселер ескіреді, кейбірі ұлғаяды, ал кейбіреулері дамып, жаңара түседі. Әрине басқа да өзгерістер болуы мүмкін. Алайда, қарама-қайшы өзгерістер болып жатса да, оны адам баласы жақсылыққа жориды. Мүмкін біз өзімізді соған сендіруге тырысамыз. Себебі, жақсы жағын көре білген жақсы жағын ойлайды, ал жақсы жағын ойлаған адам өмірден ләззат алатындығын ұғамыз. Бұл психологиялық қабылдау болуы да мүмкін: өмірге позитивтік көзқараспен қарау, болашаққа үміт арту. Мұндай физикалық және психикалық көзқарас адам баласын әлдеқайда бақытты, еңбекқор, ал топтарды әлдеқайда жемісті әрі табысты етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекетінің 20 жылдық мерей тойын, шаттық пен қуанышты сәттерін бастан кешкен 15 жастағы университетіміз осы құттықтауларға, мақтана отырып тебіреніспен қосылады. Бақыттымыз, себебі тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихының 15 жылын бірге өткеріп келе жатқан бір топпыз. Білімге көңіл бөлетін демеушілер мен білім ордасына сенім артқан мемлекет басшыларының тарапынан болған қолдаулары арқылы жаңа кампусқа көшкенімізді, шәкірттерімізбен ұстаздарымызда мақтан тұтады. Қобалжудамыз, себебі қазіргі жетістіктерімізге қарағанда қол жеткіміз келген жоспарларымыз көп болғанына. Айрықша дизайнімен ерекшеленетін ғимаратпен, педагогикалық тәртіпке негізделетін оқыту және тәрбиелеу методикасы, ақылды, өнегелі студенттер және талмай еңбек етіп келе жатқан университет ұжымымен бірге біз әрдайым жақсы өзгерістерге дайынбыз.
Біздің университетіміз іс бірлігін, халықаралық әдістемелерді, динамизм мен дамуды көздей отырып, топтасқан оқу бөлімі жүйесінде жұмыс істеуде. Оқу бөлімі, дайындау және атқару жұмыстарымен айналысады. Бұл ортаға кірген адам баласы басқаша атмосфераны, өзгерісті сезулері тиіс. Болашақта білім беру саласы, тұрмыс, демалыс және басқа да әлеуметтік-мәдени және спорттық шаралар, жақсаруы мен дамуын жалғастыратын болады. Алайда университет құрылыс немесе құрылғы емес. Оны университетте оқыған, жүйесін құрған және оған рух берген шәкірттері болып табылады. Университетіміздің ең маңызды қайнар көзі - ақылды,еңбекқор, салауатты өмір салтын қолдайтын, өлкесін, отбасын құрмет тұтатын, мәдени және қоғамдық жұмыстарды бірге алып жүре алатын студент.
"Smart Campus" ретінде танылған бұл концепцияны - бірлікте дамытатын кампусымызға құт алып келуін, шәкірттеріміздің білімге құштарлығының өсуін, жұмыскерлеріміздің ісіне табыс тілей отырып, барлығыңызға сәлемімді, ізгі тілектерімді және құрметімді ұсынамын.
Проф. Др. Месут Акгүл
Ректор
|