1. Сапалы білім беру
СДУ-дың барлық мамандықтары бойынша білім беруге лицензиясы бар және мемлекеттік үлгідегі диплом береді. Сонымен қатар СДУ-дың барлық оқу жүріп жатқан мамандықтары бойынша екінші жоғары білім беруге лицензиясы бар. Оқу барысын алыс-жақын шетелдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Азия мемлекеттері т.б) және отандық білікті мамандар жүргізеді.
2. Жұмыспен қамтудың жоғарғы көрсеткіші
Түлектердің 95%-ы бірден жұмысқа тұрады немесе оқуды жалғастырады. Біздің түлектерге ірі шетелдік компаниялардан сұраныс жоғары.
3. Білім берудің нәтижелілігі
СДУ - сапалы білім бағдарламаларымен және оқытушылар мен профессорлар құрамының ғылыми жұмыстарымен қамсыздандырылған қазіргі заман талабына сай, динамикалық құрылым болып табылады. Білім беру процесін педагогикалық еңбек өтілі бар, ғылыми және академиялық дәрежелі оқытушылар жүргізеді.
4. Сыныптағы студенттер санының оңтайлылығы
Топтағы студенттер саны ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай. Студенттермен интерактивті және жеке жұмыс жасай отырып, олардың жоғары сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалған.
5. Өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндігі
СДУ-да студенттердің өз мүмкіндіктерін академиялық, қоғамдық және әлеуметтік өмірде қалыптастыруға арналған қызығушылықтарына байланысты әр түрлі клубтар мен үйірмелер жұмыс жасайды. Университеттің қоғамдық өміріне араласу студенттің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және топта бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
6. Қол жетімді бағалар
Біздің университетте сапалы білім алу құны қол жетімді. Сонымен қатар СДУ-нің ішкі гранттары, білім алуға жеңілдіктер, университетте жұмыс және түлектердің жұмысқа орналасуына көмек ретінде қаржылай қолдау көрсетіледі.
7. Заманауи кітапхана мен соңғы технология
СДУ кітапханасы қазіргі заман талабына сай кітапханалық және компьютерлік қызметтермен толықтырылған. Студенттердің әр түрлі кітаптарды, соның ішінде электронды және басқа да интернет-қорларды пайдалануға мүмкіндіктері мол.
8. Халықаралық қос диплом бағдарламалары
СДУ-де бір мезгілде екі диплом алу арқылы студенттердің өз академиялық білімін тереңдетіп, мәдениетаралық алмасуға қатысып, кәсіби мансап жолында кең мүмкіндіктер ашылады.
|